«Искорка» МДЮТО ата-аналарына арналған Консультациялық пункт Ережесі

Барлық ата-аналар бала өтірігін бастан кешіреді. Бұл не – ақыл тоқтатпағандық па, қиялдауға бейімділік пе? Ересек адам бұған қалай қарауы керек? Тәртіп тактикасының қайсысын таңдаған жөн?
Баланың барлығы өтірік айтады: бұл ертеден белгілі. Балалар өтірігіне біз қалай қарауымыз керек? Кішкентай өтірікшілермен өзімізді қалай ұстауымыз керек: оларға қатысты ымырасыз болайық па немесе керісінше мейірімді болайық па, ашулану керек пе немесе сабырлық сақтаған дұрыс па? Бұл өзінен-өзі кете ме немесе бала бұл құбылыстан «өсіп кетуі» кетуі үшін арнайы педагогикалық әдістер қажет пе? Балалар не себепті өтірік айтады?
Алдымен, құрметті ата-аналар, өзіміздің де өтірік айтатынымызды өзімізге мойындайық.
Атақты психолог Субботский Е. В. бір жолы қызықты тәжірибе жасайды. 3 жастан 5 жас аралығындағы балалар күрекшемен бір себеттен басқасына кішкене шарларды салуы керек. Мұны жасау оңай емес, себебі кішкене шарлар күрекшеден сырғып түсіп кете береді, егер бала кішкене шарды себетке жеткізе алса онда ол кәмпит алады.
Ересек адам бөлмеде болғанда бәрі жақсы болатын: кейбір баланың бірден қолынан келді, кейбірінің қолынан келмеді, бірақ ешқайсысы қулыққа бармады. Бірақ міне, тәжіриебе жасаушы шығып кетті. Әрине, ол бұрынғыдай балаларды бақылап жүр, бірақ олар бұл туралы білмейді. Сондықтан көпшілігі қулық жасай бастады. Міне, ересек адам келіп, сұрақ қойды:
- Сонымен, сен күрекшемен көмектестің бе? Жарайсың, міне, кәмпит ала ғой.
Бірақ барлық балалар өздерін әртүрлі ұстады. Біреуі кәмпитті бірден алып, жеп қойса, ал кейбіреуі ұялып қалды. Көпшілігі өзі лайықты емес марапатқа ие бола отырып, ар-ождан азабын сезінді. Бұл жерде балалардың өз пайдасы үшін өтірік айтқандарын көруге болады және ол өтіріктің ең сорақы түрі. Баланы мұндай, яғни алдауға мүмкіндігі мен қалауы болатындай жағдайда қалдырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, баланы әрқашан қадағалаудың қажеті жоқ, ол біртіндеп өздігінше әрекет ете алатын тұлға болып қалыптасуы тиіс.
Дегенмен, бала өтірік айтса, ата-ана не істеуі керек?
1. сіздің балаңыз қай кезде өтірік айтатынын түсінуді үйреніңіз: балаңызды, оның бетіндегі, дауысындағы, мәнеріндегі өзгерістерді мұқият бақылаңыз;
2. баланың сөзін тексеріңіз (бұл туралы оның білмегені абзал), егер өтірігі сәтті болса, онда бала тағы жалған айтады;
3. ересек адам өзін алдаудың мүмкін емес екендігін басынан бастап ұғындыруы тиіс;
4. баланың өтірігін қиялынан өте айқын ажыратуды үйреніңіз, себебі мұндай өтірік біздің ересек дүниетанымымызға сәйкес келмейді. Ал бұл өтірік емес, бұл – біздің баламыздың шындықты өздігінше арнайы қабылдауы және осы иллюзияларды бұзуға болмайды. Себебі біз өмір сүруге деген сенімін бұзамыз. Бұл жерде түсінікті етіп түсіндіруге тырысу қажет.
Бұл жағдайда баланы жазалаудың қажеті жоқ шығар, оның орнына сөйлесіп, өтіріктің көрініп тұрғанын түсіндіргеніңіз, өзіңіздің қамығып тұрғаныңызды дауысыңызбен білдіргеніңіз дұрыс. Ең бастысы, біз ересектер өзіміздің әрекетімізді қадағалауымыз керек, біз қанша мәрте өзімізді, басқаларды алдаймыз …
Себебі:
Ата-аналарға кеңес:
• Сіз өзіңіздің қаншалықты шынайы екендігіңізді ойланыңыз. Ата-ана – баланың ұқсағысы келетін басты үлгісі. Психологтар, әдетте ата-аналарының өздері әділетсіздігімен ерекшеленетін отбасында өтірікші балалардың өсетінін атап көрсетеді.
Көпшілік адамдар баласы туралы және оның қал-жағдайы жайлы барлығын білсе (соның ішінде жеке өмірі туралы), оны қиыншылықтардан қорғауға болады деп ойлайды. Әрине, әрбір ата-анада белгілі бір дәрежеде баласы жайлы ақпарат болуы керек, бірақ оның көлемі баланың жасына байланысты. Яғни, ата-аналар нені білуі керек және баланың тәуелсіздігінің көрінісі ретінде нені қабылдай алатындығын нақты ажырата алуы керек. Ата-аналар өздеріне білуі керек мәселелердің тізімін жасай алады, мысалы:
Ата-аналар басып кірмейтін аймақтар:
Толықтай сенімге құрылған қарым-қатынастар ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың басынан бастап туындайды және егер ата-ана баласына деген толық сенімін тұрақты түрде білдіріп отырса, онда балаға өтірік айтудың да қажеті жоқ.
Егер бала айқын өтірігінде ұсталған жағдайда, бұл сенімнің соңы болмауы керек (бір жолғы өтірікті дегенмен кешіруге болады). Өтірік тұрақты сипат алған жағдайда бала болашақта оған деген сенімнің жоғалуы салдарынан зардап шегеді.
Ата-аналарға арналған сенім формуласы:
«Біз екеуіміздің қарым-қатынасымызда сенімнен маңыздырақ ештеңе жоқ. Егер сен маған сөзсіз ұнамауы мүмкін қандай да бір әрекет жасасаң, ол туралы маған айтудан қорықпа. Маған ашуланудың қажет еместігі жайлы есіме салуыңа болады. Әрине, сен өз әрекетіңді менен жасыруға тырыса аласың, бірақ сен өз бойыңнан шындықты айтуға батылдық тапсаң, мен сені мақтан етер едім».
Ата-аналар кішкентай өтірікшімен өздерін қалай ұстаулары керек
- Балаға деген сіздің талабыңыз тым жоғары ма әлде ол сізге тек ұқсағысы келе ме?
- Сіз өзіңіз баланы алдаусыратып немесе тұзақ сұрақтарымен өтірік айтуға итермелеген жоқсыз ба?
- Өтіріктен кім зардап шекті: сіз бе, балаңыз ба әлде бөтен адам ба?
- Өтірік болашақта не нәрсеге әсер етуі мүмкін: қандай да бір іздік реакциямен бе немесе мәңгілікке жойылып кете ме?
- Онда не кодталған? Сізге өтірік қандай ақпаратты ұсынады?
- Өзіңізге сыртыңыздан қараңыз және жағдаятты парасаттылықпен бағалап көріңіз.
- Сіздің балақайыңыз өзін отбасында шеттетілгендей сезінбей ме
- Сіз балаңыздың бойында наразылық, қызғаныш пен бәсекелестік тудыра отырып, отбасындағы басқа балалармен салыстырмайсыз ба?
- Сіз оның өзін-өзі бағлауын төмендетпейсіз бе?
- Сіз балақайыңызға аса көп қамқорлық көрсетпейсіз бе?
- Осылайша балаңыз өзінің құрбы-құрдастарына ұқсағысы келмей ма?
- Ол сіздің өтірікпен «айла-шарғы» жасағаныңыздың кездейсоқ куәсі бола отырып, оны нағыз түкке тұрғысыз нәрсе деп есептеп өзіңізді қайталамай ма?
- Сіз өзіңіздің «текке емес» немесе «профилактикалық» мақсаттағы жазаларыңызбен баланың бойында өшпенділік тудырмайсыз ба?
- Сіз өтіріктің болуы мүмкін себебін тапқан бойда әрекетке көшуге және балаға көмектесуге тырысыңыз.
- Егер бала өтірігін мойындаса, оны ешуақытта жазаламау керек, керісінше оның өз күшіне сенуі үшін келіскеніңіз жөн: ол өтірік айтқанын мойындай алса, демек ол – адал және енді ешкімді алдамайды.
- Егер бала мойындағысы келмесе, оны мәжбүрлемеңіз, оның орнына өтіріктің неге әкелетіні және оның кесірінен қаншама қиындықтың орын алатыны туралы ертегі немесе оқиға ойлап тауып, баяндап беріңіз.
Егер өтірік жазаға лайық болса
Бенжамен Спок: «Мен денені жазалауының қажеттілігін қорғамаймын, бірақ меніңше баланы шапалақпен тартып жіберу – бұл ол үшін ұзақ, қатты айыптаудан анағұрлым жеңілірек», – деп жазады. Өтірікке келетін болсақ, жалпы көпшілік мойындағанындай: дене жазасына тартылған бала одан құтылу үшін өтірікті жиі айтады.

Мақсаты: Бала дамуындағы шағын моториканың рөлі туралы ата-аналардың (заңды өкілдерінің) педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Міндеттері:
Шағын моторика – бұл адам қолының қолбастары мен саусақтарының дәл қысқа қимылдарын жасауға бағытталған оның үйлестірілген әрекеттерінің жиынтығы, бұл баланың сол қимылдарды «пайдалана алу» білігі. Бұл қимыл барысында ұсақ бұлшық еттер қатысатын қозғалыстар түрі. Бұл қозғалыстар шартсыз рефлекс болып табылмайды, керісінше арнайы дамытуды талап етеді. Қолдың шағын моторикасын дамыту бала үшін өте маңызды, себебі суретті бояу, киіну, конструкторлармен ойнау, сондай-ақ әртүрлі тұрмыстық әрекеттерді орындау үшін оған нақты үйлестірілген қозғалыс қажет. Саусақ қимысдары шектеулі бала психомоторлық дамуда артта қалады, күнделікті тұрмыстық деңгейде қиыншылықтар туындайды. Шағын моториканы дамыту арқылы сананың келесідей жоғары қасиеттері дамиды: зейін, ойлау, үйлестіру, қиялдау, байқағыштық, көз және қозғалыс есте сақтауы, тіл. Бастың миы, қол (саусақтың бастары) және артикуляциялық аппарат (тілдесу барысындағы еріннің, жақ сүйегінің төменгі жағының және тілдің) өөзара өте тығыз байланысты. Қолдың қимылы тілдесумен әрқашан тығыз байланысты және оның дамуына ықпал етеді.
Соңғы бірнеше жылдан бері ұстаздар балалардың тілдік даму деңгейінің төмендегенін атап айтып жүр. Бұл балалардың өз қолымен бір нәрсені өте сирек жасайтынында, себебі заманауи ойыншықтар, бұйымдар мен заттар барынша ыңғайлы етіп жасалған және қосымша күш жұмсауды қажет етпейді.
Үйде өз баласының қолының шағын моторикасын дамыту үшін ата-ана не істей алады?
Жауап қарапайым: қол мен саусақтардың жұмысын талап ететін барлық әрекеттер дерлік пайдалы. Баланы қызығуына және оның жаңа ақпаратты меңгеруіне көмектесу үшін оқытуды ойынға айналдыру қажет, тапсырмалар қиын болып көрінсе де кейін шегінбеу керек, баланы мақтап, қолдау көрсету керек.
Бала саусақтарын дамыту үшін ермексаздан, балшықтан және тұзды қамырдан мүсіндеу тәрізді әрекет түрлері өте пайдалы.
3-4 жастағы балалар үшін аппликация құрастыру, қайшымен (шағын өлшемдегі болғаны дұрыс) жұмыс, моншақтарды тізіп шығу, ал ересектеу балалар үшін түймелерді қадау, кесте тігу, аралау, ұсақ бөлшектерден құрастыру жұмыстары қарастырылады.
Сатылымда баланың қолын жаттықтыратын көптеген дамыту оқу құралдары бар. Бұдан басқа, осындай құралдарды өз қолымызбен жасау аса қиын емес (пластик шөлмектердің қақпақтарын бұрау, өз қолымен сұрыптау, кірқыстырғыштармен ойындар, аяқ киім бауына макарондарды тізу және т.б.). Бұдан басқа, әртүрлі заттарды дәстүрлі емес жолмен пайдалана отырып, дамыту құралдарын қолдану баланың қиялын керемет дамытады.
Ойынның алдында оның мазмұнын талқылап алған жөн, заттарды пайдалану ережелері жайлы және саусақтардың заттармен комбинациясы туралы айтып беру қажет. Бұл баланы ойын барысында қозғалысын дұрыс орындауға ғана дайындамайды, сондай-ақ көңіл-күйін жайлы етіп икемдейді.
Ойындарды тұрақты, жүйелі жүргізу қажет. Ойындардың ұзақтығы екі жастағы балалармен – 5-10 минут, 3-4 жастағы балалармен занятия с детьми 3-4 лет не должны превышать 15 минут, с ребятами 5-6 лет – 25 минут.
Баламен үй жағдайында жүргізілетін ойындардың кейбіреулері мінекей.
Жаса, қиялда және ойыныңнан рахат ал!

Өзінің эмоционалдық өмірін реттеуге қабілетті қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастыру үшін, болашақта өз балаларын тәрбиелеуге қажетті өзін-өзі адекватты бағалауын дамыту үшін баланың жанында тұрақты түрде оны жақсы көретін және түсінетін ересек адам болуы керек. Әлбетте, осындай жақын, ең бастысы тұрақты байланысты қамтамасыз ету тек отбасында ғана мүмкін болмақ.
Баланы дамыту, оны әлеуметтендіру, «қоғамдық адамға» айналдыру оған жақын адамдармен қарым-қатынас барысында басталады тікелей – балаға анасымен эмоционалды қарым-қатынас жасау – оның қатынас жасаушы субьект ретіндегі әрекетінің алғашқы түрі.
Баланың одан ары қарайғы барлық дамуы оның адами қарым-қатынас жүйесінде, тілдесу жүйесінде қандай орын алатындығына байланысты.
Баланың дамуы оның кіммен қарым-қатынас жасайтынына, оның қатынас жасайтын айналасы мен сипатына тікелей байланысты.
Балалардың қарым-қатынасқа деген қажеттілігі автоматты түрде пайда болмайды. Ол біртіндеп, өмір сүру жағдайына, оны қоршаған адамдардың, ең алдымен ересек жақындарының әсеріне байланысты қалыптасады.
Жымию, бас изеу, сөз, ишара немесе менсінбеген көзқарас, айқай – кейбір қарым-қатынас түрлерінің алмастырады. Эмоциялық байланыстардың жетіспеушілігі әрқашан баланың тұлғасына кері әсер етеді. Ата-аналар тарапынан баланың сезімдері мен қажеттіліктеріне немқұрайлы қарау оның салауатты дамуына кедергі келтіреді.
Алғашқы жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынастардан балалар өздері туралы, өз құндылығы туралы алғашқы түсініктерді қабылдай бастайды. Балалардың өзіне деген алғашқы сезімдері олардың қабылдайтын психологиялық ұстанымдарына және атқаратын рөлдеріне айтарлықтай ықпал ете отырып, тұлғалық дамуына ең күшті әсер ететін фактор болып қалады.
Адам өмірінің алғашқы 5 жылында ең маңызды – тұлға құрылымы қалыптасады. Бұл кезеңде бала әсіресе осал болады; ол дене сымбаты, әлеуметтік және эмоциялық тұрғыдан отбасына тәуелді, өйткені оның қажеттіліктері толық немесе ішінара сол жерде қанағаттандырылады. Отбасымен қарым-қатынас тәжірибесі бала үшін әлеуметтік қарым-қатынас мектебі болып табылады.
Эмоциялық қарым-қатынастың жетіспеуі баланы айналасындағы ересектердің эмоциялық қарым-қатынастарының бағыты мен сипатын өз бетінше түсіну мүмкіндігінен айырады, ал шектен шыққан жағдайларда тіпті қарым-қатынастан қорқуға да әкелуі мүмкін.
Ересек адам баланың әлі қарым-қатынас жасауға қабілетсіз кезінен-ақ онымен тілдесе бастайтындықтан, оның мінез-құлқы басқа адамдармен қарым-қатынаста негізгі үлгі болады.
Статистикалық мәліметтер көрсеткендей: ана мен бала арасында тығыз әрі жылы қарым-қатынас болған отбасыларда балалар дербес және белсенді болып өседі. Ал баланың кішкентай кезінде оған эмоциялық байланыс жетіспеген отбасылардың балалары жасөспірім кезеңде тұйық және агрессивтілігімен ерекшеленеді.
Бала балалармен және ересектермен қарым-қатынас жасау барысында тәртіп, өзара қарым-қатынас нормалары мен ережелерін меңгереді, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді.
Ересектермен қарым-қатынас сенімді, мейірімді болуы тиіс, бірақ тең дәрежеде емес. Бала түсінеді: ол әлі көп нәрсені білмейді, істей алмайды; ал ересек білімді, тәжірибелі, сондықтан оның кеңесі мен сөзін тыңдау қажет. Дегенмен, бала ересектердің айтқаны әрқашан дұрыс бола бермейтінін, кейбірінің мінез-құлқы адамгершілік талаптарына сай келмейтінін де көреді. Бала жақсы мен жаманды ажыратуды үйренеді. Баланың шығармашылығы, бастамашылдығы, дербестігі әрдайым қолдауға ие болуы керек. Отбасында бала өз пікірін айтуға, дауласуға, ойын дәлелдеуге, ой қорытуға құқылы.
Бала қандай болса да, ол өзінің даралығын мойындауды және ата-анасының сүйіспеншілігі мен қолдауын қажет етеді.
Табысты отбасылық тәрбиенің шарттары
Қолдауды білдіретін сөздер:
• Сен біздің ең ақылды, мейірімді, әдемі ...
• Мен үшін сенен жақын ешкім жоқ ...
• Маған кеңес берші, сен мұны жақсы түсінесің ғой ...
• Мен мұны сендей жақсы жасай алмас едім ...
• Мен саған өте ризамын ...
• Мен сенің мақсатыңа жете алатыныңа толық сенемін ...
• Сен мұны өте жақсы орындайсың ...
• Сенсіз біздің үйіміз ...
• Біз сенімен бірге міндетті түрде қол жеткіземіз...
Тұлғаны бұзушы сөздер:
• Саған ештеңеде сенуге болмайды.
• Мен саған мың рет айттым ғой ...
• Басқалар ... кезде сен не ойлап тұрсың?
• Саған түсініксіз бе, бұл ...
• Саған неше рет қайталау керек ...
• Мұны саған есте сақтау, жасау, орындау қиын ба?
• Сен де ... сияқты қырсық, жаман болып кеттің ...
• Сен ешқашан ештеңеге қол жеткізе алмайсың ...
• Барлық адамдар ... (осындай, істей алады), ал сен ...
Мақаланы құрған күні 22.01.2026 16:51
Мақаланы жаңартқан күні 26.03.2026 15:01