Директор туралы ақпарат

 

«Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы» ЖШС-ның директоры – Полищук Раиса Ивановна, тәжірибелі басшы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде көп жылдық еңбек өтілі бар ұстаз және қоғам қайраткері.

Кәсіби қызметін білім беру жүйесінде бастаған. 1980–1990 жылдары Петропавл қаласының № 35 орта мектептің директоры лауазымында қызмет атқарды. 1990 жылы Петропавл қаласындағы Бірінші гимназияның негізін қалап, сапалы және инновациялық білім берудің берік дәстүрлерін қалыптастырған гимгимназияны 2007 жылға дейін табысты басқарды.

Педагогикалық қызметпен қатар аймақ пен елдің қоғамдық-саяси өміріне де белсенді қатысты. 1994–2002 жылдары Солтүстік Қазақстан маслихатының депутаты болды. 2005–2009 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы отбасы және гендерлік саясат істері бойынша Ұлттық комиссиясының мүшесі. 2007–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты.

2007 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі уақытта Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы соттарымен өзара әрекеттестік бойынша Қоғамдық кеңесінің мүшесі бола отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық құрамына енді.

Қазіргі уақытта жылдар бойы жинақталған басқарушылық және педагогикалық тәжірибесін табысты қолдана отырып, «Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы» ЖШС-н басқарады, мұнда ол мектепалды білім берудің сапасына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға баса назар аударуда. Сонымен қатар, «Ардагерлер білім беру сапасы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып табылады Одновременно является председателем общественного объединения «Ветераны за качество образования».

Білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен, соның ішінде «Құрмет» орденімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгісімен және атағымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағымен, «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үдігі», Ыбырай Алтынсарин атындағы, «Еңбек ардагері», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен, сондай-ақ «Отличник народного просвещения СССР» және «Отличник народного просвещения Казахской ССР» төсбелгілерімен марапатталды.

Мақаланы құрған күні 22.01.2026 16:49

Мақаланы жаңартқан күні 20.03.2026 12:52