Басты бет

Құрметті келушілер!

«Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығының ресми сайтына қош келдіңіз! Біздің Мектепке дейінгі орталық – әр баланың өміріндегі әр күні қуанышты ашылымдарға, шынайы күлімдеген жүздер мен маңызды қадамдарға толы ерекше әлем. Біздің басты мақсатымыз – әрбір тәрбиеленуші өзін бақытты, аяулы және сүйікті болып сезіне алатындай балаларға арнап жайлылық, қауіпсіздік пен сенім атмосферасын жасау.

«Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы» ЖШС өзінің тәрбие-білім беру қызметін «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоспарлайды, оның басты бағыттарының бірі – ойын жағдаяттары, әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру арқылы балалар бойындатұлғалық құндылық жүйесін, адамгершілік нормаларын қалыптастыру болып табылады.

«Искорка» Мектепке дейінгі орталықтың мақсаты – мектепалды жастағы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын жасау болып табылады.

Негізгі міндеттері балалар бойында зияткерлік, тілдік, шығармашылық және дене қабілеттерін дамыту; таным белсенділігі мен өздігінше әрекет ету дағдысын қалыптастыру; адамгершілік құндылықтар мен тәртіп мәдениетін тәрбиелеу; дене және психоэмоционалдық денсаулығын нығайту; балаларды мектепте білім алуға әзірлеу болып табылады.

«Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығында әр баланың тұлға ретінде дамуы үшін барлық жағдайды жасайтын және құндылықтар жүйесінде білімділіктің біздің қоғамдағы басты құндылық болып табылатынын түсінетін білікті, сауатты ұстаздар еңбек етеді.

«Искорка» МДОТО-ның анағұрлым басты міндеттерінің бірі әр ұстаздың кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыстар болып табылады, ол Мектепке дейінгі орталықтың әдістемелік қызмет желісі арқылы, педагогикалық кеңес (тақырыптық және ұйымдастырушылық), әдістемелік кеңес, Педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысы, тәлімгерлік, семинар-практикумдар, шеберлік сағаттары, көрсетілім және қаралым сабақтары, Өрлеу» БАҰО» АҚ жұмыс жүйесі арқылы, әр ұстаздың өздігінше білімін жетілдіруі арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбие-білім беру қызметінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Искорка» МДОТО-ғы әдістемелік жұмыс үлестірілген көшбасшылық негізінде құрылады, бұл тәсілдеме барысында көшбасшылық ұжымның барлық мүшелері арасында тең бөлінеді. Бұл тек міндеттерді тапсыру ғана емес, бұл әр ұстаздың жауапкершілігі. Нақты мәселелер бойынша жақсы шешім қабылдай алатын ұстаздар өз жауапкершілігі саласында көшбасшы болады, ал Мектепке дейінгі орталық анағұрлым оралымды және бейінді басқаруға қол жеткізеді. Мұндай тәсілдеме ұстаздарға кәсіби тұрғыдан өсуі үшін мол мүмкіндік береді, басқарушылық дағдыларын дамытады. Көшбасшылық – бұл тек басқаларды басқару қабілеті ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынас жасасу, шешім қабылдау, тіл табысу білігі.

Үлестірілген көшбасшылық нәтижесінде ұстаздар бойында кәсіби шеберліктері, өздеріне және өз қабілеттеріне деген сенім, ұстаздарды ұйымдастыру білігі, жұмыстың нәтижесі үшін жауапкершілік, мақсатының болуы мен Мектепке дейінгі орталықтың табыстылығына үлес қосу біліктері дамиды.   

Оқу жылы барысында ұстаздар төмендегідей инновациялық педагогикалық технологияларды меңгереді және білім беру үдерісіне енгізеді, айталық: скрайбинг, фишбоун, сторителлинг, Пропп картасы, ТРИЗ тәсілі, зияткерлік картасы, білім пирамидасы, арт-карта, миға шабуыл, синквейн және басқа.

Балалармен жұмыстың әртүрлі формаларын зерделеп, білім беру үдерісіне енгізу ұстаздарға баланың бастамашылығын, пікірі мен тілегін ескере отырып сабақты оларға арнап ойын түрінде шаршатпай өткізуге мүмкіндік береді.

«Искорка» Мектепке дейінгі орталықтың ұстаздары әр баланың оң эмоционалдық тұрғыда дамуын қамтамасыз етеді. Балалар таным, шығармашылық, қатынас және дене сымбатының мүмкіндіктері арқылы толыққанды дами алады, бұл оларға болашақта әлеуметтік өмірде табысты бейімделуге мүмкіндік береді.

Біз Сіздерді және Сіздердің балаларыңызды «Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығында көруге әрқашан қуаныштымыз!

Мақаланы құрған күні 22.01.2026 14:22

Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2026 17:08